$ 456.56
 530.52
 5.28

Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: жалпыкомандалық есепте көш бастады

Редактор
05.09.2026, 12:25
Туриз және спорт министрлігі
Туриз және спорт министрлігі
Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

4 қыркүйектегі аралық нәтижеге сәйкес, қазақстандық спортшылар 55 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола жүлде бар.

Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғызстандық спортшылардың қоржынында әзірге 58 медаль бар. Оның 23-і алтын, 24-і күміс және 11-і қола.

Ал Ресей құрамасы 4 алтын, 6 күміс және 13 қола медальмен үшінші орында тұр.
Қазақстан спортшылары Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгізілген 42 спорттың 31 түрінде бақ сынап үлгерді. Олар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да жарыстарда жүлдеге ие болды.

Дегенмен бәсекелер әлі аяқталған жоқ. Алдағы жарыстардың нәтижесіне қарай жалпыкомандалық есептегі орындар өзгеруі мүмкін. Қазақстан құрамасы тағы 11 спорт түрінен сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау