Қазақстандағы батыс және оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Казгидромет.
Синоптиктер 16-18 мамырдағы ауа райы болжамымен бөлісті. Казгидрометтің мәліметінше, батыс пен оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жауын жауады.
18 мамырда елдің батысында бұршақ аралас жаңбыр жауады. 16-17 мамырға қараған түні елдің солтүстігінде, шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Түнде 1-6 градусқа дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Жалпы республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Ал солтүстікте пен шығыста түнде және таңертең тұман басады.
Батыс Қазақстанда сынап бағанасы 30-37 градустан 25-30-ға дейін түседі;
Солтүстік Қазақстанда жылу 20-30-дан 15-20-ға дейін төмендейді;
Орталық Қазақстанда күн райы 25-30 градустан 29-34-ке дейін жылынады;
Шығыста ауа температурасы 12-20 градус жылы болады;
Оңтүстік Қазақстанда 30-35-тен 33-40-қа дейін күн ысиды.
Ал оңтүстік-шығыста күн 18-25-тен 25-32 градусқа дейін жылынады.