Қазақстандық спортшы Қанат Бақтыбай VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт түрінен өткен бәсекеге 10 елдің мықты спортшылары қатысқан.
Қанат Бақтыбай жарыс барысында шеберлігі мен ептілігін көрсетіп, үздік нәтиже тіркеді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың бас жүлдесін иеленді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны теңге ілуден тағы бір алтын медальмен толықты.