Шоу-бизнес әлемі

«Жігерге жолама!»: Ауыпбаевтың өзінен 15 жас кіші сүйіктісі қысым көргенін айтты

16:22, 03 ақпан 2026 22

Әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі Мумина желіде видео жариялап, өзіне қауіп төніп тұрғанын айтып, қорқатынын жеткізді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Айтуынша, Жігер ел алдына оны таныстырғаннан кейін өмірінде тыныштық қалмаған.

Мумина әлеуметтік желілерде қорқытуға ұқсас хаттар жиі келетінін, ал кеше көшеде белгісіз адамдар тарапынан ескерту алғанын баяндады.

«Жігер мені халықпен таныстырғалы менің өмірімде тыныштық жоқ… "Жігерге жолама" деді. Не істерімді білмей қалдым», – дейді ол.

Бұл видео желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі Муминаны қолдаса, енді бірі керісінше сын айтып, келемеж пікірлер қалдыруда.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз