Шоу-бизнес әлемі

«Жесір анаң бата бермеуі керек»: Мақпал Жүнісова анасын сынағандарды орнына қойды

14:27, 09 қыркүйек 2025 99

Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының үйіне қонаққа барып, қуанышты сәтін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әнші: “Анамның үйіне айтпай келіп қалдым. Аналарымыз аман болсын! Бауырларымызбен бас қосып, шай ішіп отырмыз”, – деп жазды.

Алайда дастархан басында ер азаматтар отырғанына қарамастан, батаны анасы бергені желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. 

“Жесір әйел бата бермеуші еді”, “Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!”, “Үйінде шешесі билейтіні көрініп тұр”, “Ана балаларының амандығын тілеп, батасын беріп отыр”, “Ананың батасы қабыл болсын”, – деп жазды көпшілік. 

Халық әртісі анасын тілдеген оқырманына жауап қайтарып, реніші барын жасырмады. 

“Не оттап отырсың?! Анасы ұл-қыздарына бата беруге болмайды дегенді бірінші естіп отырмын. Әкеміз өмірден озғалы анамыздың батасымен келе жатырмыз. 11құрсақ көтерген анама қатын деуге хақың жоқ?! Нағыз есалаң сенсің”, – деп ашуланды әнші. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз