Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева шығармашылығын қайта жандандырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Jibek Joly арнасындағы "Бүгін Live" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"Әр нәрсе өз уақытымен. Қазіргі таңда жеке шығармашылығымды қолыма алып жатқан жайым бар. Әншілік өнерімді, театрды. Кинодан да дәмем өте зор. Алда 50 жасым келе жатыр. Күнделік жазатын адаммын, мемуар-кітабым алда жарық көріп қалуы мүмкін", – деді әнші.