Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Түркістан облысында болған даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның сөзінше 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып, босанған.
Закиеваның айтуынша, бұл іспен Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура айналысып жатыр.
Жасөспірім қыз 2025 жылдың қаңтарында босанған. Алайда бұл жағдай бойынша анасы полицияға тек қазан айында арыз берген.
– Қыз бала Астанада босанған мезгілде ғана, аурухана қызметкерлері бұл туралы қалалық полицияға хабарлаған. Астана қаласы Полиция департаменті бұл деректі КУИ-ға (ақпараттарды есепке алу кітабы) тіркеп, жергілікті мекенжайы бойынша Түркістан облысына жолдаған. Алайда Келес ауданы полиция бөлімі бұл материалды номенклатуралық іске жіберген. Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша ІІМ мен облыстық прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр, – деді балалар омбудсмені.