Шоу-бизнес әлемі

«Ешкімге айтпап едік, келіп алды»: Қайрат Нұртастың анасы шақыртусыз келген құдағиы туралы айтты

12:02, 17 қазан 2025 47

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың отбасында қуанышты жаңалық — кенже ұлы Заңғар Нұртас әке атанды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Гүлзира Айдарбекова көптен күткен немересін қолына алып, сол сәтті әлеуметтік желіде жариялады.

Видеода ол жаңа туған сәбиді қарсы алу барысын көрсетіп, қуанышымен қатар, кей жайтқа деген ренішін де білдірді.

"Бізде бүгін үлкен той. Нәрестеміз әлі кішкентай деп ешкімге айтпап едік, құдағиымыз келіп алды", деді Гүлзира Айдарбекова.

Индираның анасы жаңа туған немересіне арнап киім-кешек алып келген. Алайда бұл жағдай Гүлзира Айдарбекованың көңілінен шықпаған сияқты.

Ол құдағиға қарап:
"Қолыңыздағы не, құдағи? Мұны бесіктойда алып келетін едіңіз ғой," – деп айтып, сәл ыңғайсыз жағдайға қалдырғанын байқауға болады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз