Қарағандыда 15 жастағы қызбен некелескен 38 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz KTK арнасына сілтемежасап.
Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынас жасағаны дәделденген азғын енді 17 жыл түрмеде отырады. Сондай-ақ судья оқушыны мәжбүрлеп ұзатқан анасы мен өгей әкесіне қатысты арнайы қаулы шығарып, прокуратураға жолдады.
Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынас жасағаны дәделденген азғын енді 17 жыл түрмеде отырады. Сондай-ақ судья оқушыны мәжбүрлеп ұзатқан анасы мен өгей әкесіне қатысты арнайы қаулы шығарып, прокуратураға жолдады.
Самал Арынова, судья: — Аталған жағдай бойынша Қарағанды облысы прокурорын хабардар ету керек. Марал Алипова мен Ренат Әрешовтың әрекетерінен қылмыстық құрам бар‑жоғы тексерілсін. Сонымен қатар ол зардап шегушіге 3 жарым миллион теңге моралдық шығынды өтеуі керек.
Оқиға Абай қаласында болған. Анасы мен өгей әкесі 15 жастағы қыздарын күйеуге беріп жіберген. Алайда ол бес күннен кейін туған әкесіне қашып келіпті. Ол бірден полицияға арызданады. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызды әйел қылған 38 жастағы ер адамды Астанаға қашып бара жатқан жерінен ұстап, оны қамауға алды.
Қыздың анасы, өгей әкесі мен күдікті де теріс ағым өкілдері. Өз жоралғыларына сай, баланы ересектің етегінен ұстатқан дейді қыздың туған әкесі. Енді жасөспірімді ұзатқандарға да қатысты іс майшаммен қаралмақ. Ал сотталушының әкесі ұлының кінәсі жоғын және апелляциялық шағым жасайтынын айтады.
Сотталушының әкесі: — Оның шәуеті қыздан табылғаны қылмысқа дәлел емес. Ұлым оны зорлаған жоқ. Келісіммен жыныстық қатынасқа түсті. Үйленбек ойы болды. Бәрін жасаған қыздың туған әкесі бүлдірді. Шу шығарып, қызын арыз жазуға үгіттеді.