Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа басшы келді. Басшылыққа бұрын еңбек министрінің бірінші орынбасары болған Асқарбек Ертаев келді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, – делінген ресми хабарламада.
Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.
- 2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді;
- 2014 жылы – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының міндетін атқарушы;
- 2014-2021 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры;
- 2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі;
- 2022-2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі;
- 2023-2024 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы;
- 2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
- 2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін Светлана Жақыпова атқарған еді. Ол бұл лауазымда 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың 27 қаңтарына дейін отырды.