$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

«Эмоцияға беріліп жаздым»: Айгерім Бердалиева елден кешірім сұрады

Редактор
08.10.2026, 09:34
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Айгерім Бердалиева жазбасының мұндай реакция тудыратынын күтпегенін айтты

Блогер Айгерім Бердалиева әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына қатысты түсініктеме беріп, сөзіне ренжіген жандардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Блогердің айтуынша, бұған дейін жариялаған жазбасын эмоцияға беріліп жазған. Кейін оның тым әсерлі шыққанын және көпшілік тарапынан басқаша қабылдануы мүмкін екенін түсініп, бірден өшірген.

Айгерім Бердалиева жазбасының мұндай реакция тудыратынын күтпегенін айтып, ешкімді әдейі ренжітуді мақсат етпегенін жеткізді.

«Егер жарияланымым біреудің көңіліне тиіп, жағымсыз әсер қалдырса, шын жүректен кешірім сұраймын. Ешкімді ренжіткім немесе намысына тигім келген жоқ. Ол жазбаны эмоцияға беріліп жаздым және көп ұзамай өшірдім. Өйткені оның тым эмоционалды шыққанын, бастапқы ойымнан басқаша қабылдануы мүмкін екенін өзім де түсіндім. Шынымды айтсам, мұндай реакция болады деп күтпедім. Егер сөздерім біреудің жүрегіне тисе, өкінемін», – деп жазды блогер.

Сондай-ақ ол өзіне бағытталған жағымсыз пікірлер мен қорлауларға жауап бермейтінін мәлімдеді. Блогердің сөзінше, ол жанжалды одан әрі ушықтырмай, бұл жағдайға нүкте қоюды жөн көрген.

Жазбасының соңында Айгерім Бердалиева көпшілікті жаңа дау тудырмауға, бір-біріне құрметпен қарауға шақырып, баршаға бейбітшілік пен жақсылық тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау