$ 482.33
 557.57
 5.74

«Екі қызды бауырыма бастым»: Роза Рымбаева ел білмейтін сырымен бөлісті

Редактор
21.03.2026, 13:00
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Роза Рымбаева бұл таңдаудың артында үлкен жауапкершілік жатқанын атап өтті. 

Танымал әнші Роза Рымбаева өзінің көпшілікке беймәлім болған жеке өміріндегі оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі ұлдары Әли мен Мәдиге қоса, Әлия мен Мәншүк есімді қыздары бар екенін де жасырмады. Әншінің айтуынша, бұл шешім оның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірінде қабылданған.

«Әлия 6 жасынан бастап Байсейітов мектебінде оқыған. Тасқын өзі ауылдан алып келіп, “сен музыкант боласың” деп оқытқан. Сол кезде анасы мен әкесі бірінен кейін бірі өмірден өтті. Содан мен бірден шешім қабылдадым. Бұл екі қыз менімен тұрады дедім. Менің екі ұлым не жесе, не кисе, бәріміз бір отбасы боламыз деп, екі қызды қолыма алдым», – деді әнші.

Сондай-ақ Роза Рымбаева бұл таңдаудың артында үлкен жауапкершілік жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, кейін Тасқын да өмірден өтіп, барлық міндет өз мойнына жүктелген.

«Сол кісілердің аманаты деп қабылдадым. Енді осы отбасыға мен жауаптымын дедім. Жеңіс ағаның алты қызы да менің қыздарым. Әлі күнге дейін олардан маған деген ризашылық, құрмет, махаббат көремін. Себебі олар мені анасының орнына ана деп санайды», – деді ол.

Әнші сондай-ақ бұл әрекетіне әруақтардың разы екеніне сенетінін жеткізді.