Шоу-бизнес әлемі

Дженнифер Лопес қазақ әншісі орындаған каверге қолдау білдірді

02:13, 17 тамыз 2025 65

Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес қазақстандық жас әнші Мөлдір Байбуринова орындаған каверді өзінің инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Видео миллионға жуық қаралым жинады.

Мөлдір Байбуринова Дженнифер Лопестің "Ain't Your Mama" әніне кавер орындап, желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандары оған түрлі жағымды пікір жазып, қолдау білдіруде.

"Дженифер ападан асып кетпесең, кем емессің. Шегірткені лақтырғаныңа дейін", "Jlo дан 100 есе жақсы шыққан ғой әнің", деп жатыр олар.

Дженнифер Лопестің "Ain't Your Mama" әні 2016 жылдың 7 сәуірінде жарық көрген. Ән әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбына арналса, әуенінде регги, дэнсхолл және латиноамерикалық музыка элементтері үйлесім тапқан.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз