Қоғам

«Тоқалың ба?»: Қайрат Нұртас бейтаныс қызбен көзге түсті

11:43, 17 тамыз 2025 58

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты жаңа бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас пен әріптесі, ұйымдастырушы Алия Құдайқұлова бірге серуендеген сәттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Бейнежазба астында түрлі пікірлер жазылды: біреулер әзіл-қалжыңға салып, «той қашан?» деп сұраса, енді біреулер «екеуін жарастырып қойған екен» деп пікір қалдырған.

Әншінің желідегі бейнежазбасына пікір қалдырғандардың арасында қарама-қайшы ойлар айтылды. Бірі Қайрат Нұртастың жеке өміріне қатысты ауыр сын жазса, енді бірі мұны орынсыз деп бағалады. Олар өнер иесінің жеке ісіне араласпау керек екенін ескертіп, керісінше шығармашылығына қолдау білдірді. «Өнерің өркендей берсін» деген жылы тілектер де көптеп жолданды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз