Шоу-бизнес жаңалықтары

Димаш әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән шырқайды

12:42, 05 шілде 2025 14

Димаш Құдайберген әйгілі Пласидо Домингомен бірге ән шырқайды. Бұл туралы әншінің dimashnews.com сайтынан мәлім болды, деп жазады bairaqmedia.kz.

Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың жанкүйерлері қарсы алды.

Вьетнамдық Dears-тың бірі тіпті Димашты қазақ тілінде қарсы алып, құттықтады.

Вьетнам жеріндегі кездесу әдеттегідей гүл шоқтарымен және әншінің жанкүйерлеріне берген қолтаңбасымен ыстық сезімге толы болды.

6 шілдеде Димаш Sun Symphony Orchestra-ның сүйемелдеуімен Хо Гом театрының сахнасында Пласидо Доминго және Кристин Ополайспен бірге өнер көрсетеді.

Концерт Вьетнам астанасының жаңа мәдени символдарының бірі Хо Гом театрының екінші туған күніне орай ұйымдастырылды.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз