$ 471.93
 548.43
 6.61

Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

Редактор
20.05.2026, 12:08
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Эбола вирусы індетке шалдыққан адаммен немесе жануармен тығыз байланыс кезінде олардың биологиялық сұйықтығы арқылы жұғады.

Конго мен Угандада Эбола қызбасы өршіп кеткен. Осыған байланысты Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ведомство Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялағанын атап өтті.

"Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі – Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ", - дейді министрлік.

Эбола вирусы індетке шалдыққан адаммен немесе жануармен тығыз байланыс кезінде олардың биологиялық сұйықтығы арқылы жұғады.

"Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтап, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану керек. Дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысыңыз", - дейді министрлік.

Шетелден оралғаннан кейін аурудың қандай да бір белгісі пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау