Матч 1:1 есебімен аяқталды. Сәтпаев үшінші ойын қатарынан негізгі құрамда алаңға шығып, 80-минутқа дейін ойнады. Ол 18 пастың 17-сін дәл жеткізіп, 94 пайыздық дәлдік көрсетті және қақпаға екі рет дәл соққы бағыттады.
Сәтпаев әзірге «Бернли» сапында гол соғып немесе нәтижелі пас берген жоқ. Дегенмен оның алаңдағы белсенділігі мен команда шабуылына қосқан үлесі жоғары бағаланды.
80-минутта қазақстандық футболшы ауыстырылған кезде «Терф Мур» стадионындағы жанкүйерлер оны қошеметпен шығарып салды.