Марапатты Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов табыстады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
«Бүгін ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ғимаратында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке аға Құлкенов ұлттық әдебиет пен руханияттың мәртебелі сыйлығы - Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығын табыс етті. Жазушылар Одағы Басқармасы мен Хатшылығы біздің “Мұстафа”, “Нүкте философиясы”, “Абыздар аманаты”, “Тамыр” атты шығармаларымызды осы сыйлыққа лайық көрген екен. Бәрінен бұрын “Алаш” деген аты әдемі ғой, ұйғарым жасаған қаламгерлерге ризашылық білдіреміз», – деп жазды Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде.