12 қараша күні Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
«12-қараша – Зәкеңнің өмірден өткен күні. Топырағыңыз торқа болсын», – деп жазды әнші парақшасында.
Ол сонымен қатар жұбайының көзі тірісінде жиі тыңдайтын сүйікті әнін орындап, бейнежазбасын бөлісті.
«Зәкең осы әнді домбыраммен жиі айтқызатын еді», – деп Мақпал Жүнісова «Есіңе мені алғайсың» әнін шырқады.
Әнші марқұмның шығармашылығынан да естелік жариялап, оның жазған өлеңіне жазылған «Өмір-ай» әнінен үзінді ұсынды.
«Бұл домбыраны кезінде өзім Зәкеңе сыйға тартқан едім», – деп жазды ол.