Қазақстандық танымал блогер, көпшілікке «Колобок» есімімен белгілі Елдос Кәдірханов көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Блогер мен оның жұбайы 9 жылдан кейін ұлды болды. Елдос өмірге келген сәбиімен алғашқы кездесу сәтін видеоға түсіріп, көпшілікпен бөлісті.
«Қош келдің, ұлым! Алланың қалауымен, халықтың тілеуімен өмірге келдің ғой. Халықтың ұлы бол, ұзақ, мәнді ғұмыр кеш! Мен бақыттымын», – деп жазды ол желідегі жазбасында.
Қуанышты жаңалықты естіген өнердегі және өмірдегі достары мен жанкүйерлері блогерді жарыса құттықтап жатыр.