Аймақ

Бүгін еліміздің мегаполистерінің бірінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болады

10:21, 09 тамыз 2025 14

Астана, Алматы мен Шымкенте 9 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бүгін Алматыда күн аздап бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с деңгейінде болмақ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз