Шоу-бизнес жаңалықтары

«Ақ орамал жамылған сәт»: Раушан Құдайбергеннің келін атануы көпшілікті сүйсіндірді

11:54, 08 тамыз 2025 549

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген тұрмысқа шығып, жаңа шаңырақтың табалдырығын аттады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Раушанның ақ босағадан аттап, үлкен әжесінің қолынан ақ орамал жамылып, шымылдықтың ішіне отырған сәті бейнеленген.

Жазба авторының айтуынша, бұл – күйеу жігіттің шаңырағындағы дәстүрлі келін түсіру рәсімі. Раушанға үкі тағылған ақ жібек жабылып, қазақы жөн-жоралғы орындалған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз