Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Жаңгелдин ауылында бір отбасының 4 мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі басталды.
Оған Қылмыстық кодекстің «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Сонымен қатар «ұрлық» және «алаяқтық» деректері бойынша қосымша істер тіркелген.
Іс қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан, сот отырысына марқұмдардың туыстары, тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысып жатыр.