Шоу-бизнес әлемі

«Бәрін ашық сөйлестік»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару әкесімен қарым-қатынасы жайлы айтты

12:28, 06 қараша 2025 220

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару әлеуметтік желіде әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Айару Қабатованың айтуынша, қоғамдағы түрлі пікірлер мен сынға қарамастан, ол әрқашан әкесін жақсы көріп, оған ерекше құрметпен қарайды.

«Қазір бәрі оның жаман адам екенін айтып жатыр. Бірақ ол мен үшін әрдайым ең жақсы әке болып қала береді. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін. Күйеу ретіндегі рөлінде өзін көрсете алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі рөлінде ол нағыз “әке” атағына лайық. Осы жылдар бойы бізге деген махаббатын үнемі сездіріп келеді. Қазір арамыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік», – деп жазды Айару.

Ол сондай-ақ желіде әкесіне айтылып жатқан ауыр сөздерге күйінетінін де жасырмады.

«Маған жақын адамды жамандаған пікірлерді оқу өте ауыр. Ондай кезде оны бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеп, олардың некесіне 14 жыл бұрын үшінші адамның араласқанын айтқан болатын. Осыдан кейін желіде Қабатовқа қатысты түрлі пікірлер айтылып, кейбір қолданушылар оны сынға алған еді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз