Шоу-бизнес әлемі

«Бәрі жақсы»: Ерболат Құдайбергеновтің менеджері әншінің «ұсталғаны» туралы ақпаратқа жауап берді

14:05, 11 ақпан 2026 177

Әлеуметтік желіде "полиция қызметкерлері танымал әнші Ерболат Құдайбергенді ұстап, наркология орталығына жеткізгені" туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрда "Ерболат Құдайбергенге ұқсайды" делінген адам полицияның жанында тұрғаны көрінеді. Редакция осы жағдайға байланысты әншінің менеджерімен байланысқа шықты. 

"Бұл - жалған ақпарат. Концерттерге шығып жүрміз. Бәрі жақсы. Соңғы өнер көрсеткен жеріміз - Астана", - деді ол.

Сонымен қатар, өнер иесінің менеджері жалған ақпарат таратқандарға қатысты шара қолданатындарын мәлімдеді.

Massaget.kz Алматы Полиция департаментіне сауал жолдады. Материал жарияланған уақытта құзырлы органдар ресми пікір білдірмеді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз