Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ерлер арасындағы қысқа бағдарламада отандасымыз техникалық элементтер орындау бойынша 52.45 ұпай, ал бағдарлама компоненттерін орындауда 40.49 ұпай еншілеп, 92.94 ұпаймен алдыңғы бестіктен көрінді.
Америкалық Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастаса, жапондық Юма Кагияма екінші орынға жайғасты (103.07 ұпай).
Үшінші орындағы франциялық спортшы Адам Сяо Хим Фа 102.55 ұпай еншіледі.
Айта кетерлігі, отандасымыз 13 ақпан күні еркін бағдарламада өнер көрсетеді.