Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап беріп, жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әншінің айтуынша, оқырмандарының бірі ұлы Исламның суретіне орынсыз пікір қалдырған. Бұл жағдай Ерке Есмаханның ашуын туғызған.
Осыған байланысты Ерке Есмахан өз парақшасында жазба қалдырды.
«Балада нелерің бар? Мені әурелей беріңдер, балаға тиіспесеңдерші. Мені талқылай беріңдер. Бірақ, өз комплекстеріңді маған ілмеңдерші. Мен парақшама бірдеме салсам бірдеңе дәлелдегісі келеді деп домалап кететіндерің не? Мың жылдан бері жүргізіп келе жатқан парақшам ғой. Менің әлсіз жерімді әлі таба алмай жатырсыңдар. Тізіп айтып жатқандарыңның ешқайсысының салмағы жоқ. Жаудың да таңдап ал мықтырағын деген сөз бар. Мықты болыңдар. Ал кешегі концертіме риза болған оқырмандарды жақсы көремін», – деп жазды әнші.