Желіде Ақтөбе мешітінде әйелдерге уақытша неке (бір түндік) ұсынған ер адамның жаңа видеосы тарады. Бейнежазбаны жариялаған қолданушылардың айтуынша, күдікті – психикалық ауытқуы бар адам және ол бұған дейін де бірнеше рет оғаш әрекеттерімен көзге түскен, деп жазады bairaqmedia.kz.
Желіде Ақтөбе мешітінде әйелдерге уақытша неке (бір түндік) ұсынған ер адамның жаңа видеосы тарады. Бейнежазбаны жариялаған қолданушылардың айтуынша, күдікті – психикалық ауытқуы бар адам және ол бұған дейін де бірнеше рет оғаш әрекеттерімен көзге түскен.
«Бұл адамды танимын. Ол бұрын да мешіттің садақа жәшігін ұрлаған, қоғамдық көлікте біреуді ұрып, автобустың терезесінен секіріп қашқан жағдайы да болған. Кейде адамдарды себепсіз таяқпен ұрып жүретін. Бірнеше рет 15 тәулікке қамалған. Ақтөбенің полиция қызметкерлері оны жақсы таниды. Денсаулығы дұрыс мұсылман ондай іске бармайды. Бұл адамның әрекеті бүкіл мұсылман бауырларымыз бен дініміздің абыройына нұқсан келтіріп отыр», - деп жазды threads қолданушысы.
Қолданушының айтуынша, бұл адам 2023 жылы Ақтөбеде болған тағы бір оқиғаға қатысқан. Сол кезде ол қоғамдық көлікте жолаушыны себепсіз ұрып, артынша автобустың терезесінен секіріп кеткен.
«2023 жылдың 22 қыркүйегінде жұмыстан қайтып келе жатқанда 15-маршрутты автобусқа отырдық. Аялдамада түсейін деп жатқанда, жолдасымды жұдырықпен ұрып, қанға бояды. Өз-өзімен сөйлесіп, “сендер шайтансыңдар” деп тиісе бастады. 102-ге хабарласып, полицияны күтіп жатқанда, ол терезеден секіріп қашып кетті. Мұндай адамдар неге қоғам арасында емін-еркін жүр? Егер психикалық ауру болса, неге тиісті мекемелер бақыламайды? Ақтөбеліктер, абай болыңыздар», - делінген бұрын жарияланған шағымда.
Ол уақытта бұл адамға қатысты қандай шара қабылданғаны әзірге белгісіз.