Аймақ

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

12:30, 30 маусым 2025 9

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Береке ықшамауданындағы үйлердің бірінде болған.

Жасөспірім велосипедпен лифтіге кірмек болған кезде есік ерте жабылып қалған. Бала сыртта қалып, велосипедтен айырылмауға тырысқан. Сол сәтте лифт жоғары қарай қозғалып, бала тепе-теңдікті сақтай алмай, шахтаға құлап кеткен.

Абырой болғанда, бала аман қалды. Оған дереу медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақаттар анықталған жоқ.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз