$ 476.97
 562.59
 6.27

«Мен де пендемін»: Абай Бегейдің қызы орамалын шешкеннен кейін алғаш рет пікір білдірді

Редактор
15.04.2026, 14:04
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Оның айтуынша, әр адамның өмірде өз жолы мен сынағы бар. 

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат жақында орамалын шешуіне байланысты желі қолданушыларына үн қатты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялап, жеке өміріндегі өзгерістерге қатысты ойын бөлісті.

Оның айтуынша, әр адамның өмірде өз жолы мен сынағы бар. Сымбат өз шешіміне түсіністікпен қарап, қолдау білдіріп жатқан жандарға алғыс айтты.

“Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға көп рақмет”, – деп жазды ол.