$ 476.97
 562.59
 6.27

Жамбыл облысында қорадан екі оқушының мәйіті табылды

Редактор
15.04.2026, 17:34
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Қордай ауданындағы суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысында екі оқушының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға бүгін Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында болған. Сарайдан екі жасөспірімнің денесі табылды. Полиция тергеу шараларын бастады.

"Қордай ауданындағы суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер.

Айта кетері, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша бес жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.