Қайғылы жағдай елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
Астана қаласының полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Баланың терезеден құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 жасар бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.