Аймақ

Ақтаулық түлектер салтанатты кештен бас тартып, аутизмі бар балаларға көмектесті

12:48, 23 маусым 2025 26

Ақтаудағы бір мектептің түлектері бітіру кешінің орнына аутизммен ауыратын балаларға көмек көрсеткен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

IT бағытындағы мамандандырылған лицейдің  түлектері мектеппен қоштасу шарасын ерекше форматта атап өтті. 

Биыл лицейдің 97 түлегі сән-салтанат пен кешкі банкеттен бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа аударды.

Барлық қаржы аутизм спектрі мен басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсететін «Періште» орталығына аударылған. Игі бастаманы оқушылардың өздері көтеріп, ата-аналар мен ұстаздар қолдау білдірген.

Үлгі боларлық іс жасаған түлектердің айтуынша, қаражат балаларды қоғамға бейімдеуге және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларға жұмсалмақ. Түлектер бұл жағдай басқа мектеп бітірушілерді де қайырымдылық жасауға шабыттандырады деп үміттенеді. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз