Шоу-бизнес жаңалықтары

«Ақша да жоқ, мал да жоқ»: Атышулы блогер «NNN» 48 миллион теңге жымқырған

16:46, 17 шілде 2025 13

Журналист Гүлмира Абықай Facebook парақшасында блогер NNN жайлы даулы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Оның жазуынша, Instagram желісінде 5 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер NNN Нұрдәулет Бектұрсын 8 жыл бұрын Үкіметтен мал бордақылауға 48 миллион теңге көлемінде субсидия алған.

Алайда, уақыт өте келе бұл қаражаттың қалай жұмсалғаны белгісіз күйінде қалып отыр. Жергілікті жұрттың сөзіне сенсек, сол қаржы мал шаруашылығына емес, блогердің өзін танымал етуге, яғни жеке брендіне жұмсалған болуы мүмкін.

«Ақша да жоқ, мал да жоқ. Бұл қаржыны мал бордақылауға емес, өзін жарнамалауға жұмсады», – дейді Кентаулық жерлестері.

Әзірге ресми тергеу не тексеріс жүргізіліп жатқаны жөнінде де хабар жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз