Мәдениет

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталды

15:16, 23 сәуір 2025 41

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне үкім шығарды. Оған сәйкес, Аңсар Қажымұқанұлы 5 жылға сотталды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, яғни, аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша кінәлі деп танылды. 

Астана соты таратқан ақпарат бойынша сотталушы К. жәбірленуші А. және оның туыстарының 50 мың АҚШ долларын жымқырған.

Бастапқыда жәбірленушінің туысы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісі бойынша тергеу изоляторына қамалған. Мұны білген К. полиция қызметкерлерінің арасында іс жүзінде танысы жоқ бола тұра, қалыптасқан жағдайды пайдаланып, жазаны жеңілдету үшін қаражатты полиция қызметкерлеріне беремін деп алдап, алаяқтық жасаған.

Сотталушының жас балаларының болуы, кінәсін мойындауы, шын жүректен өкінуі қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылған.

Аңсар Қажымұқанұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасып кеткен болатын. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз