Аймақ

Алматыда ер адам көршісін көлікпен қасақана қағып кеткен

10:46, 15 қазан 2025 16

Алматының Жетісу ауданында ер адам көршісін қасақана көлікпен қаққан, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда оқырман оқиғаның қасақана жасалғанын, ал зардап шеккен адам отбасының жалғыз асыраушысы екенін жазған.

"Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиға екі ер адамның арасында тұрмыстық жанжал кезінде болған. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.

Полицейлер кез келген жанжалды тек заң шеңберінде шешу керектігін, әрбір заңсыз әрекет жазаланатынын ескертті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз