Алматы облысының Талғар ауданында қайғылы жағдай болды. Өстемір ауылының маңындағы су қоймасында екі мектеп оқушысы суға батып, қайтыс болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Қайғылы оқиға 8 мамыр күні Талғар ауданындағы №2 «Саз Талғар» су қоймасында болған. Құтқару қызметіне хабарлама сағат 112 желісі бойынша түскен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмаған балалар су айдынының жанында ересектердің қарауынсыз болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, балалар суға абайсызда құлап кеткен. Мамандар аталған орынның шомылуға және демалуға мүлдем жабдықталмағанын айтты.
Оқиға орнына ТЖД құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел жөнелтілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында мамандар су астынан екі жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды.
Құтқарушылар су айдындарының жанында, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне келгенде, сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертеді.