$ 471.77
 547.25
 6.6

«Ақордаға кірмегелі 30 жыл болыпты»: Мақпал Жүнісова өзін Тоқаевтың марапаттағанын айтты

Редактор
21.05.2026, 14:24
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады.

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мемлекеттік награда алғанын айтып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі Мемлекет басшысының қолынан II дәрежелі «Барыс» орденін алғанын айтып, бұл марапаттың өзі үшін ерекше екенін айтты. 

Сондай-ақ әнші Ақорданың табалдырығын аттамағанына 30 жыл болғанын атап өтті.

«Құрметті менің тыңдармандарым, туысқандарым! Мемлекет басшысы II дәрежелі “Барыс” орденін маған бүгін табыстады. Ақорданың есігін ашпағалы 30 жыл болыпты. 30 жылдан кейін осындай мәртебелі атақ иегері болып жатқаныма өте қуаныштымын! Баршаңызға осындай марапат бұйырсын», – деді әнші.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау