Шоу-бизнес әлемі

«Ажырасып кеттік»: Дариға Бадықова 16 жыл отасқан күйеуімен айырылысып кетті

16:48, 11 қыркүйек 2025 1155

Танымал актриса Дариға Бадықованың жары, актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесі жеке өміріне қатысты жүрекжарды жазбасын бөлісіп, жан сырын ақтарды. Оның бұл қадамы оқырмандарын бей-жай қалдырмады.

“Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды”, – деп жазды актер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз