Шоу-бизнес әлемі

Айнұр Тұрсынбаева ер азаматтарға ақыл айтты

10:44, 20 қараша 2025 58

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасында ерлердің отбасындағы рөліне қатысты әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақынның айтуынша, ер азаматтың міндеті — тек айқайлап билік жүргізу немесе ақша тауып беру емес, ең алдымен жанұясына қорған бола білу.

«Отбасының тірегі — еркек. Тірек әлсіз болса, шаңырақ та шайқалады. Еркектің еркектігі айқайында немесе тек табыс табуында емес. Қорған болу — қорғау! Жаудан емес, әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын сақтау керек. Отбасы — аманат. Аманатты иесіне қайтарарда ұялмайтындай болу қажет», — деп жазды айтыскер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз