Айыптау актісіне сәйкес Шерзат Полаттың жүрек тұсына пышақ сұғып алған Абзал Шынасыл кінәсін мойындамайды. Бұл туралы басты сот талқылауы кезінде оның адвокаты мәлімдеді.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың қазасына қатысты басты сот талқылауы басталды.
Атышулы іс Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық түрде қаралмақ деп хабарлайды bairaqmedia.kz