$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жүрсін Ерманға ұлытаулықтар көлік тарту етті

Редактор
10.10.2026, 00:51
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
Ұлытау облысында республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр 

Ұлытау облысында XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтуде, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, жерлестері мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан су жаңа автокөлік тарту етілді. Бұл – қазақтың айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ақынға деген зор құрметтің белгісі.

Айта кетейік, республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен келген 14 белгілі суырыпсалма ақын қатысуда. Өнер иелері ұлттық сөз құндылығымыздың озық үлгісір көрсетіп, жыр додасында өзара бақ сынауда.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау