Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзін «дайынға келдің» деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
«Ыдысты да қолмен жуамын десем, сенесіздер ме? Бірақ солай. Есесіне рухани баймын. Негізі неше түрлі ас пісіре аламын, бірақ ас үйдегі жиһазым келсін. Сосын патырлатып көрсетіп, салып отырамын. Әзірге лажы осы. Суды да тасып ішіп жүрміз.
“Дайынға келдің, аспаннан салбырап түстің” демеңдер, айналайындар.
Сондықтан үйдің әр бұрышының әдемілігі, иісі мен берекесі әйелге байланысты.
Жоқ деп жылап, қайғырып жатқаным жоқ. Керісінше, шүкір. Адал еңбекпен келген әр бұрышта, әр затта береке бар, түсінген жанға. Осы барыммен күнде тамақ жасап, бірге бөлісіп отырайық, қалай?», деп жазды ол.