Аймақ

Үш күн бұрын Жайыққа батқан жігіт іздестіріліп жатыр

16:26, 06 мамыр 2025 45

Үш күн бұрын Жайыққа батқан жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖД ақпаратына сәйкес, 3 мамырда сағат 17:25-те Жайық өзеніне ер адамның суға батып кеткені туралы қоңырау түскен. Шақырту түскен сәттен бастап, Атырау облысы ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел барған. 2007 жылы туған азамат өзеннің арғы бетіне өтіп бара жатып, моторлы қайықтан құлап кеткені анықталды. Аталған орында құтқарушылар іздестіру жұмыстарына шұғыл кірісті.

Іздестіру жұмыстарына күшейтілген түрде күш пен құралдар жұмылдырылды. Атап айтқанда, күн сайын 12 құтқарушыдан кем емес, 4 жүзу құралы, 3 техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылды. Сонымен қатар, ПД қызметкерлері және кемесі тартылды, – делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстары су астына сүңгу, акваторияға көзбен шолу және өзен түбін тралдау арқылы жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін шамамен 2 шақырым аумақта жұмыстар жүргізілді.

Ағыстың қатты болуы, су астында көріну деңгейінің өте төмен болуы және су астындағы бөгде заттардың кездесуі іздестіру жұмыстары кезінде қиындық туғызған.

Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз