$ 471.77
 547.25
 6.6

Ұлытауда «Көкмайса – даланың тірі тарихы» этномәдени фестивалі өтеді

Редактор
21.05.2026, 18:40
Ұлытау облысы әкімдігі
Ұлытау облысы әкімдігі
Фестивальдің ерекшелігі – 500 бие сауылатын тарихи көрініс көпшілік назарына ұсынылады.

13 маусым күні Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылында «Көкмайса – даланың тірі тарихы» республикалық этномәдени фестивалі өтеді.

Фестиваль сағат 10:00-де басталады. Іс-шара қазақ даласының рухын, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеуге бағытталған.

Бағдарлама аясында этноауылдар құрылып, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіледі. Сондай-ақ қымызмұрындық рәсімі, ұлттық спорт ойындары, қолөнер көрмелері ұйымдастырылады.

Фестивальдің ерекшелігі – 500 бие сауылатын тарихи көрініс көпшілік назарына ұсынылады. Сонымен қатар танымал өнер жұлдыздарының концерті өтеді.

Ұйымдастырушылар Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтарын фестивальге қатысуға шақырады.

Айта кетейік, «Көкмайса» фестивалі дәстүр мен мәдениет тоғысқан этномәдени іс-шара ретінде қазақ даласының тарихи мұрасын насихаттауды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау