$ 475.31
 555.54
 6.05

«Ұлтты бөліп жатыр»: Баян Алагөзова радикалдарға қарсы шықты

Редактор
09.04.2026, 15:36
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ол жұртты сыни ойлауға шақырды.

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде радикалды көзқарас ұстанушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды   bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол TikTok-та шайға бойкот жариялаған видеоға тап болған. Бұл жағдай продюсердің наразылығын тудырған.

«Жақында TikTok-та бір видео көріп қалдым. Радикалды ислам жақтаушысы шайға бойкот жариялап жатыр екен. Араққа емес, шарапқа емес, шайға. Не деуге болады? Жарайсың, шай ішпей-ақ қойыңдар», – деді ол.

Сондай-ақ продюсер радикалды көзқарастағы адамдардың ұлттық құндылықтарға қарсы екенін атап өтті.

«Сендер наурызға, домбыраға қарсысыңдар. 13 жасар қызды тұрмысқа беруге, әйелдердің оқуына тыйым салуға мен қарсымын», – деді ол.
Баян Алагөзова дінге қарсы емес екенін ерекше атап өтті.

«Мен исламға қарсы емеспін, радикалдарға қарсымын. Өйткені мен өзім адал, таза мұсылманмен бірге өмір сүріп келемін. Мыңдаған адамға жұмыс беріп отырған мұсылманмен біргемін», – деді продюсер.

Сөз соңында ол жұртты сыни ойлауға шақырды.

«Маған айтпаған сөздерді телімеңіздер. “Дінге қарсы” деп айту үшін ақымақ болу керек шығар. Сәл болса да ойланыңыздар, критикалық ойлауларыңызды қосыңыздар. Біздің ұлтты бөліп жатқан – радикалдар», – деп түйіндеді ол