Танымал журналист Ербол Мәндібек әнші Қайрат Нұртас туралы жылы пікір білдірді. Ол әртістің адамгершілік қасиетін ерекше атап өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Журналистің айтуынша, Жазира мен Жанболатттың тойында көпшілік көңілді би билеп жүрген сәтте, Мөлдір Мұқан жалғыз қалып қойған кездер болған.
«Тұрсынбек жездем сатқындық жасап кеткен, менің Мөлдір Мұқан апам жалғыз өзі тұнжырап қалған сәттер болды. Сондай кезде топ ішінен қара үзіп Қайрат ғана апамның көңілін аулады. Нағыз ер азаматқа тән қасиет. Әсіресе, әйел адамның көңіліне қарау – үлкен мінездің белгісі», – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ол Мөлдір Мұқанның өмірлік ұстанымын да атап өтіп, оның мықты әйел екенін жеткізді.
Журналистің сөзінше, ол барлық қиындыққа қарамастан, балалары үшін еңбек етіп, көпшілікке үлгі болып жүр.
Ербол Мәндібек Қайрат Нұртастың тек өнерімен емес, отбасылық құндылықтарды насихаттап жүрген азамат екенін де ерекше атап өтті.
«Менің ойымша, Қайрат та, Мөлдір де – қазіргі қазақ өнеріндегі өнегелі тұлғалар», – деді ол.