Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түркітілдес халықтар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дін саласындағы тұрақтылық, керағар діни ағымдарға қарсы ұлттық иммунитет қалыптастыру бағытында қызметкерлермен кездесу өтті, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі Е.Қыдырбай және Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Дүйсен қатысты.
Теолог маман діни білімді қайдан алу керектігі жайында және шет мемлекеттерден келген діни кітаптар жайында сөз қозғады. Жат ағымдардың халқымыздың сан ғасырдан бері қалыптасып келе жатқан төл мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет ғұрыптарына қарсы болатын тұстары айтылды.
Рұқсат етілмеген теріс бағыттағы діни кітаптарды алу және таратудың заңдық тәртібі мен жауапкершілігі түсіндірілді.
Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы кітаптарды алу барысында өте абай болу қажеттігі туралы туралы баяндалды.
Кездесу соңында дін саласына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.