Аймақ

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңдары пайдалануға берілді

18:01, 03 қыркүйек 2025 35

Тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңдары салынып, халық игілігіне берілді, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz



Осыған дейін қала басшысының халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан ойын алаңдарын салу туралы ұсыныс-пікір айтылған болатын. Тұрғындардың шағымын ескере отырып, қажетті орындарда, атап айтқанда Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңдары, сондай-ақ Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңдары бой көтерді. 


Құрылысы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған алаңдар бүгінде толық аяқталған. Барлық жұмыстар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.

Сонымен қатар, аумақтар абаттандырылып, жасыл желекпен көмкеріліп, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін инженерлік инфрақұрылым да қарастырылған.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңы қолданыста.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз