Аймақ

Түркістанда банк қызметкерлеріне жат діни ағымдардың таралу жолдары туралы ақпарат берілді

09:31, 04 қыркүйек 2025 14

Түркістанда дәстүрлі емес бағыттағы діни ұйымдардың шығу тарихы және Қазақстанда таралу жолдары туралы түрлі сала қызметкерлерін ақпараттандыру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл жолы мамандар екінші деңгейлі банк қызметкерлерімен кездесті. Нақтырақ айтсақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалына барып, террорлық ұйымдардың шығу тарихы және дәстүрлі бағыттағы Исламнан айырмашылығы туралы сөз қозғады.

Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі Е.Қыдырбай және қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Б.Нуриддинов қатысты. Теолог маман жат ағымдардың шығу тарихын және елімізде таралу жолдары мен қазіргі таңда жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Қызметкерлерше рұқсат етілмеген теріс бағыттағы діни ақпаратты алу және таратудың заңдық тәртібі мен жауапкершілігі түсіндірілді.


Кез-келген дін саласындағы туындаған сұрақтардың жауабын өз маман иелерінен алу керектігі де айтылды. Мұндай сұрақтардың жауабын тек мешіт имамдарынан, дін қызметкерлерінен, теологтардан немесе ҚМДБ-ның ұстаздарынан білуді ескеріп өтті.
Кездесу соңында банк қызметкерлері осы тақырып аясында өз сұрақтар қойып, оған жауап алды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз